Құрметті студенттер!
2025 жылғы 26 қарашада сағат 11:00-де стоматологиялық пәндер және ЖБХ кафедрасында ересектердің клиникалық эндодонтиясы бойынша Олимпиада өтеді.
Қатысуға стоматология факультетінің 4 курс студенттері шақырылады, олар күрделі кариесті диагностикалау және емдеу саласындағы білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетеді. Олимпиада бағдарламасында:
– тест тапсырмалары;
– клиникалық жағдайларды талдау
– практикалық дағдылар (тістерді қалпына келтіру)
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталып, барлық қатысушылар сертификат алады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Стоматологиялық пәндер және ЖБХ кафедрасы, терапевтік стоматология пәні.

