Австралиялық профессордың университетке сапары

Австралиялық профессордың университетке сапары

8-12 желтоқсан аралығында «Семей медицина университеті» КеАҚ-да профессор, MD, PhD, Sonu Bhaskar , Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты, Сидней, Австралия нейрокардиоваскулярлық терапия курсы өткізді . Sonu Bhaskar-невропатолог, интервенционист, Жапонияның Осака қаласындағы Ұлттық цереброваскулярлық және жүрек-қан тамырлары орталығының, Неврологиядағы жаһандық денсаулық зертханасының және Австралияның ми қан тамырлары қан ұйындылары биобанкінің жетекшісі, бірқатар ірі ұлттық және халықаралық марапаттардың иегері.

Курс невропатологтарға, кардиологтарға, терапевттерге, практиктерге де, резидентура мен интернатурада оқитындарға да арналған және аудиторияның қызығушылығын тудырды.  Онлайн және оффлайн форматта қатар өткізілген курсқа жиыны 50-ге жуық адам қатысты. Оқытудың практикалық бағыты болды, әр сабақта профессордың дәрігерлік тәжірибесінен нақты клиникалық жағдайлар қарастырылды.  Аудитория цереброваскулярлық бұзылулардың көрінісімен, диагнозды тексерумен және ересектер мен балалардағы инсульт тәрізді бұзылулардың дифференциалды диагнозымен бірге жүретін жаңа және сирек кездесетін тамырлы бұзылулармен танысады. Бұл соңғы жылдары Австралияда, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде және Жапонияда өткізілген профессорлық курстардың бірі.

Проф. Sonu Bhaskar бейінді бөлімшелердің жұмысымен танысты, сондай-ақ «IV +» клиникасы базасында инсульттан кейінгі науқастарды қалпына келтіру орталығында болды.

«Семей медицина университеті» КеАҚ клиникалық және ғылыми әлеуетін арттыру бойынша ынтымақтастықты жалғастыру жоспарланған.

Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Проректор, А. У. Нұртазина

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз