MEXT және JICA стипендиясы аясында магистратураға түсуге өтінімдер қабылдау

MEXT және JICA стипендиясы аясында магистратураға түсуге өтінімдер қабылдау

Жапонияда (Нагасаки университеті) магистратураға MEXT және JICA стипендиялық бағдарламасы аясында «Апаттар және радиациялық әсерлер медицинасы» мамандығы бойынша құжаттарды қабылдау жарияланады. Оқу мерзімі – 2 жыл, оқудың басталуы – 2026 жылдың қазан айы.
Қатысуға «СМУ» КеАҚ соңғы курс студенттері, интерндер, резиденттер, ПОҚ және АУП өтініш бере алады.
Шәкіртақы конкурсына қатысуға өтінім беру үшін 2025 жылдың 22 желтоқсанына дейін smu.partnership@smu.edu.kz электронды поштасына байланыс ақпаратын міндетті түрде көрсете отырып, ағылшын тілінде түйіндеме жіберуіңізді сұраймыз.
Өтінім берген үміткерлер университеттің конкурстық комиссиясы деңгейінде сұхбаттасудан өтеді.
Сұхбаттасу қорытындысы бойынша Нагасаки университетінің профессорларымен екінші тур-сұхбат өтеді.
Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) Жапонияның дамуға ресми көмек көрсетудің атқарушы тармағы ретінде Жапония үкіметі толығымен қаржыландыратын екіжақты даму агенттігі болып табылады.
MEXT – Жапонияның білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігі қаржыландыратын Жапонияның университеттерінде оқығысы келетін шетелдік студенттерге арналған ең танымал халықаралық стипендиялық бағдарламалардың бірі.
Іріктеу критерийлері:
• Негізгі критерий-ағылшын тілінің жоғары деңгейі
• Жоғары оқу үлгерімі және мотивация.
• IELTS сертификаты Нагасаки университетінің профессорларымен әңгімелесу қорытындысы бойынша сәтті іріктеу жағдайында магистратураға түсу кезінде ғана міндетті.
Қосымша ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне (306 кабинет) хабарласуыңызды сұраймыз.