ЖТД дәрігер-интерндердің клиникалық дайындығын ОҚКЕ әдісін қолдану арқылы бақылау
Семей қ. жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасында 7-курс ЖТД дәрігер-интерндеріне арналған объективті құрылымдалған клиникалық емтихан (ОҚКЕ) форматында суммативті емтихан өткізілді. Емтихан «Жалпы дәрігерлік тәжірибе балалар аурулары» және «Жалпы дәрігерлік тәжірибе ішкі аурулар» пәндері бойынша белсенді және пассивті станциялар түрінде өтті. ОҚКЕ барысында тәжірибелік клиникалық дағдылар, коммуникативтік құзыреттіліктер, сондай-ақ бастапқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде медициналық көмек көрсету алгоритмдерін…



