ҚЫСТЫҚ МЕКТЕП: «МЕТАБОЛИКАЛЫҚ СИНДРОМ КЕЗІНДЕГІ МЕЙІРГЕРДІҢ РӨЛІ»

ҚЫСТЫҚ МЕКТЕП: «МЕТАБОЛИКАЛЫҚ СИНДРОМ КЕЗІНДЕГІ МЕЙІРГЕРДІҢ РӨЛІ»

«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім алып жатқан 1, 2, 3 курс студенттерін мейіргер ісі кафедрасы базасында өткізілетін «Метаболикалық синдром кезіндегі мейіргердің рөлі» атты қысқы мектепке қатысуға шақырамыз.

Оқу ұзақтығы: 19.01.2026 – 23.01.2026
Бағдарламаның сыйымдылығы: 3 кредит
Оқу нысаны: күндізгі

Оқу нәтижелері:
Оқуды аяқтағаннан кейін білім алушы төмендегілерге қабілетті болады:
• метаболикалық синдромы бар науқастарға мейіргерлік күтім көрсетуге;
• метаболикалық синдромның қауіп факторларын алдын алу және ерте анықтауға қатысуға;
• негізгі клиникалық-зертханалық көрсеткіштерді (артериялық қысым, глюкоза деңгейі, дене салмағы және т.б.) мониторинг жүргізуге;
• науқастарды салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану және дене белсенділігі қағидаларына оқытуға;
• метаболикалық синдромы бар науқастарға медициналық көмек көрсету кезінде пәнаралық команда құрамында жұмыс істеуге;
• кәсіби қызметте медициналық этика және деонтология қағидаларын сақтауға.

Оқу аяқталғаннан кейін сертификат беріледі.

Байланыс телефоны: +7 775-662-31-17 (WhatsApp), Оспанова Айгерим Турсыновна.

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар