JICA стипендиясы аясында магистратураға түсуге өтінімдер қабылдау

JICA стипендиясы аясында магистратураға түсуге өтінімдер қабылдау

Жапонияда (Нагасаки университеті) магистратураға JICA стипендиялық бағдарламасы аясында «Апаттар және радиациялық әсерлер медицинасы» мамандығы бойынша құжаттарды қабылдау жарияланады. Оқу мерзімі – 2 жыл, оқудың басталуы – 2026 жылдың қазан айы.
Қатысуға «СМУ» КеАҚ соңғы курс студенттері, интерндер, резиденттер, ПОҚ және АУП өтініш бере алады.
Шәкіртақы конкурсына қатысуға өтінім беру үшін 2026 жылдың 3 ақпанына дейін smu.partnership@smu.edu.kz электронды поштасына байланыс ақпаратын міндетті түрде көрсете отырып, ағылшын тілінде түйіндеме (pdf форматында) жіберуіңізді сұраймыз.
Өтінім берген үміткерлер университеттің конкурстық комиссиясы деңгейінде сұхбаттасудан өтеді.
Сұхбаттасу қорытындысы бойынша Нагасаки университетінің профессорларымен екінші тур-сұхбат өтеді.
Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) Жапонияның дамуға ресми көмек көрсетудің атқарушы тармағы ретінде Жапония үкіметі толығымен қаржыландыратын екіжақты даму агенттігі болып табылады.
Іріктеу критерийлері:
• Негізгі критерий-ағылшын тілінің жоғары деңгейі
• Жоғары оқу үлгерімі және мотивация.
• IELTS сертификаты Нагасаки университетінің профессорларымен әңгімелесу қорытындысы бойынша сәтті іріктеу жағдайында магистратураға түсу кезінде ғана міндетті.
Қосымша ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне (306 кабинет) хабарласуыңызды сұраймыз.