«МУС» КеАҚ-та оқытушылардың халықаралық біліктілікті арттыру бағдарламасы басталды

«МУС» КеАҚ-та оқытушылардың халықаралық біліктілікті арттыру бағдарламасы басталды

2026 жылдың 9–13 ақпаны аралығында «Семей медицина университеті» КеАҚ базасында Santosh University (Үндістан) университетімен бірлесіп жүзеге асырылатын Santosh–Semey халықаралық оқытушылардың біліктілігін арттыру бағдарламасының офлайн кезеңі басталды.
Оқу үдерісі қарқынды әрі интерактивті форматта өтті. Бір апта ішінде қатысушылар медициналық білім беру саласындағы заманауи халықаралық тәсілдермен танысып, алған білімдерін тәжірибеде қолданды.
Бағдарламаның офлайн кезеңінде:
• белсенді және жобалық-бағдарланған оқыту әдістері бойынша практикалық шеберлік сабақтары;
• клиникалық оқыту және клиникалық ойлауды дамытуға арналған сессиялар;
• білім беру нәтижелерін бағалау бойынша сабақтар;
• цифрлық білім беру платформаларын енгізу бойынша тренингтер;
• ғылыми мақала жазу және академиялық мәдениет модулі;
• кәсібилік пен медициналық этика мәселелері бойынша талқылаулар өткізілді.
Сабақтар пікірталас, топтық жұмыс және презентациялар форматында ұйымдастырылды. Қатысушылар бағдарламаның тәжірибеге бағытталғанын және шетелдік оқытушылармен тәжірибе алмасу мүмкіндігін ерекше атап өтті.
Бағдарламаны іске асыру онлайн форматта жалғасып, қорытынды жобаларды ұсынумен және қорытынды тестілеуді өткізумен аяқталады.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз