Бірінші курс студенттерін 2026 жылдың 27 ақпанында өтетін Цифрландыру және жасанды интеллект жылына арналған «Жасанды интеллектпен менің болашағым!» атты бейнебайқауға қатысуға шақырамыз.
Байқауды Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы ұйымдастырады. Өтінімдер 2026 жылдың 25 ақпанынан кешіктірілмей тапсырылуы тиіс.
Байқауға қатысу шарттары
Байқауға жеке немесе топтардан құрылған бейнероликтер қабылданады (бір командада 3 адамнан артық емес).
Бірқатысушы(немесекоманда) ең көп дегенде бірбейненіұсынаалады.
Байқау бейнефильмдері қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсынылуы тиіс.
Ролик авторлық болуы керек, көшірілген материалдарды пайдалануға жол берілмейді.
Байқауға қатысу автордың (авторлардың) бейнероликтерін @kaf.ood Instagram парақшасында орналастыруға келісімін білдіреді.
Қатысушыларды тіркеу:
Байқауға қатысушының таңдауы бойынша бейнені Google Drive немесе басқа бұлтқа орналастыруға болады;
Бейнені жүктеу сілтемесін in.medicine@smu.edu.kz поштасына «Бейнероликтер конкурсына» деген белгімен жіберіңіз немесе АКТ курс оқытушысы Ғалымова Әсем Дүйсенғалиқызына – хабарласыңыз бас корпустың 213 – кабинеті, тел: +7 7751341214;
Бейнеролик жіберген кезде қатысушының тіркеу формасын сілтеме бойынша толтырыңыз https://forms.gle/csThFFEpr7G3MEMK7: бейне авторларының аты-жөнін, мамандығын, курсын, топ нөмірін және телефонын жазыңыз;
Рұқсат етілген бейне форматтары: .mp4, .mov, .avi.
Бейнефильмнің хронометражы 3 минуттан аспауы қажет.
Барлық байқау жұмыстары көрермендердің дауыс беруі үшін Instagram @kaf_ood парақшасында жарияланады. Ең үздік бейнероликтер университеттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.
Байқау ережелері туралы қосымша ақпарат алу үшін Ережені қараңыз.
Сәттілік тілейміз!

