«Тәуелсіздікті сақтау — кез келген мемлекеттің басты басымдығы»

«Тәуелсіздікті сақтау — кез келген мемлекеттің басты басымдығы»

Университетіміздің әскери кафедрасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі №375 «Запастағы офицерлер мен сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес оқуға қабылдау жалғасуда.

Бұл жұмыс «Қазақстан үшін басым мақсаттар. №5 Тұрақты даму мақсаты — Гендерлік теңдік» жалпы ұранымен жүргізілуде. Қазіргі әлемде бұл тақырып адамзат қоғамын дамытудың негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы бұл бағытты қолдайды, сондықтан біздің Университетімізде де бұған тиісті көңіл бөлінуде. Әскери кафедраға түсу тәртібі бойынша ұлдар мен қыздар үшін тең жағдайлар жасалған. 2026 жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша әскери кафедраға түсу конкурсына қатысу үшін 250-ден астам өтініш берілді.

Әскери кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: запастағы медицина қызметінің подполковниктері Н.С. Смаилов пен А.Т. Смағұлов, запастағы полковник Р.Т. Мамыканов және әскери кафедра меңгерушісі, медицина қызметінің полковнигі Ш.О. Орынбасаров 1-2 курс студенттерімен осы бағыт бойынша жүйелі түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бірлескен жұмыс пен маңыздылықты түсінгені үшін меңгеруші Б. Советовтың жетекшілігімен медицина ғылымдарының докторы, профессор С. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының ұжымына ерекше алғыс білдіреміз.

Бірінші кезең – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі №373 бұйрығымен бекітілген Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына және ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережеге сәйкес медициналық куәландырудан өту. Медициналық комиссия жергілікті басқару органдарында — ҚР ҚМ Абай облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде өткізіледі. Медициналық куәландырудан өту алдын ала 2026 жылғы 1 сәуірде басталады және іріктеу комиссиясы жұмысының басталуына дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей аяқталады.

Екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеу өткізу (іріктеу комиссиясының жұмысы кезеңінде өткізіледі).

Үшінші кезең – дене даярлығын тексеру (іріктеу комиссиясының жұмысы кезеңінде өткізіледі).

ҰЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ НОРМАТИВТЕРІ

Спорт түрі 5 (Үздік) 4 (Жақсы) 3 (Қанағаттанарлық)
100 метрге жүгіру (сек) 16,0 16,5 17,0
1000 метрге жүгіру (мин) 4,50 5,10 5,30
Шалқадан жатып денені көтеру (рет саны) 25 20 15

Төртінші кезең – ЖОО басшысы ҚР Қорғаныс министрлігімен келісе отырып бекітетін рейтингтік балл есебіне (GPA орташа балы) сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.

МАҢЫЗДЫ: Әскери кафедрада оқытудың жаңа ережелеріне сәйкес, офицерлерді даярлау біріңғай «Әскери медицина» (офицерлер үшін) және «Емдеу ісі» (сержанттар үшін) бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Осыған байланысты, тегін оқуға (мемлекеттік грантқа) барлық мамандықтар құжат тапсыра алады. Мысалы, бұрын «Жалпы стоматология» тек ақылы негізде, ал «Фармация» мен «Қоғамдық денсаулық сақтау» тек сержанттар бағдарламасы бойынша оқи алатын. Егер қандай да бір себептермен құжаттарын тапсырып үлгермегендер болса, біз құжаттарды қабылдауды жалғастырамыз және сіздерді әскери кафедрада күтеміз.

Барлық студенттерге әскери кафедраға түсудің барлық кезеңдерінен сәтті өтіп, оқу қорытындысы бойынша «медицина қызметінің лейтенанты және сержанты» әскери шендерін алуды тілейміз. Бұл болашақ дәрігерге еліміздің барлық күштік және құқық қорғау құрылымдарында мемлекеттік қызметке орналасуға мүмкіндік береді.

 

 

Әскери кафедраның аға  оқытушысы
запастағы полковник Р. Мамыканов