2026 жылдың 3 наурызында Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы бірінші курс студенттеріне арналған «Менің болашағым жасанды интеллектпен!» атты бейнебайқауын цифрландыру және жасанды интеллект жылына арнап өткізді. Байқаудың мақсаты денсаулық сақтау және медициналық білім беруде жасанды интеллект технологияларын қолдануды танымал ету болды. Бейнебайқау университет студенттерін дәрігерлердің кәсіби жұмысындағы және цифрлық медицинаны дамытудағы жасанды интеллекттің рөлін түсінуге біріктірді. Байқауға қатысу болашақ дәрігерлердің цифрлық құзыреттіліктерін арттыруға және денсаулық сақтаудағы жасанды интеллект технологияларының әлеуетін терең түсінуге көмектесті.
Байқауға қатысушылардың жұмыстарын тәуелсіз қазылар алқасы бағалады, оның құрамына Медицина және педиатрия мектебінің декан орынбасары А.Б. Дюсенбаева; педагогика ғылымдарының кандидаты, жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі М.Д. Жорокпаева; педагогика ғылымдарының кандидаты И.С. Мусатаева; «Шетел тілі» пәні бойынша кафедраның оқу бөлімінің меңгерушісі, шетел филологиясы магистрі Ж.А. Мұхаметжанова; және цифрлық технологиялар бөлімінің бастығы Н.Б. Тлебалдин кірді. Байқау бейнелері келесі критерийлер бойынша бағаланды: сюжеттің түпнұсқалығы, мазмұны, сөйлеу сапасы, дизайн және монтаж сапасы.
Үздік бейнероликтің авторы: 1110 Медицина тобының студентті Касымбеков Бекзат 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңімпаз бейнеролик ЖББП кафедрасының Instagram парақшасында жарияланды.
2-дәрежелі дипломдармен 1127 тобының студенттері Гомар Елназар, Бахтбекұлы Бақдәулет, Шадиметов Санжар және 1304 Стоматология тобының студенті Жумадилова Аяулым марапатталды.
Келесі қатысушылардың бейнероликтер 3 орынға ие болды:
1127 Медицина тобының студенттері Ержігіт Төрежан, Калиева Салтанат, Тапаева Алина;
1129 Медицина тобының студенті Мампасов Жасұлан;
1106 Медицина тобының студенттері Жұматай Шұғыла, Сейтказина Клара, Шәріпова Айдана.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!!!
кафедра оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Ә.Д. Ғалымова,
п.ғ.к., аға оқытушысы И.С. Мұсатаева

