Университетімізде жүзбе-жүз форматында «Тиімді оқытушы» модулі аясындағы «Медициналық білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша базалық оқытушылық курсы» циклі бойынша біліктілік арттыру курстары өтіп жатыр.
Курс лекторы – медицина ғылымдарының кандидаты, Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығының жетекшісі, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ қауымдастырылған профессоры Гүлшат Кемелова.
Бағдарлама мақсаты – медициналық білім беру саласы оқытушыларының педагогикалық құзыреттіліктерін дамыту және оқу процесіне заманауи білім беру технологияларын енгізу. Курс аясында қатысушылар ересектерді оқыту, құзыреттіліктік әдісі (CBME), дәйектемелер негізінде білім беру (BEME), оқытудың белсенді әдістері, цифрлық білім беру құралдары, LMS-платформалар және виртуалды пациенттерді қолдану сынды медициналық білім берудің заманауи тұжырымдамаларын зерттейді.
Өзіндік бағытты оқыту дағдыларын дамытуға, медициналық білім беру саласындағы дәлелдемелік ақпаратты іздеуге, тиімді кері байланысқа және оқыту нәтижелерін бағалауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Алынған білім мен тәжрибелік дағдылар оқытушыларға білім беру процесін жетілдіруге және біліктілігі жоғары медицина мамандарын даярлауға үлес қосуға мүмкіндік береді.

