Травматология және балалар хирургиясы кафедрасы университетте 20 наурыз күні Наурызнама мерекесі аясында өткен Ұлттық спорттық ойындар күнін ұйымдастыруға белсенді қатысты. Іс-шара дене шынықтыру кафедрасы, әскери кафедра, сондай-ақ неврология, офтальмология және оториноларингология кафедраларымен бірлесіп өткізілді.
Мереке барысында ұлттық ойындарды және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бұқаралық спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар мен қонақтарға арнап дәстүрлі дастархандар жайылып, қонақжайлылық пен бірлік атмосферасы қалыптастырылды. Іс-шара кафедралар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға және студенттер арасында мәдени дәстүрлерді дамытуға ықпал етті.

