М.ғ.к., доцент Д.М.Тусупова атындағы педиария кафедрасының доценті Токтабаева Б.Ж. «Стационардағы кардиология (балалар)» циклі аясында 201, 202 және 203 топтарда білім беру үрдісіне рефлексивті практиканың элементтерін жүйелі түрде енгізуде. Әрбір тәжірибелік сабақтан кейін резиденттермен кері байланыс рефлексия түрінде жүргізіледі. Ол оқу материалының меңгерілу деңгейін бағалауға, қиындықтарды анықтауға және оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Резиденттерге алған білімдерін талдау, тақырыптың ең күрделі тұстарын анықтау, сондай-ақ қолданылған оқыту әдістерін бағалау ұсынылады. Рефлексия әртүрлі форматта жүзеге асырылады — ауызша талқылау және жазбаша жауаптар түрінде, бұл ашық өзара әрекеттесуге және кәсіби өзін-өзі талдау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Резиденттердің пікірінше, тұрақты рефлексия оқу материалын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді, білімдегі олқылықтарды уақтылы анықтауға көмектеседі және теориялық білімді клиникалық тәжірибеде қолдануға деген сенімділікті арттырады. Олардың айтуынша, бұл тәсіл оқу үрдісін құрылымды, тәжірибеге бағытталған және тиімді етеді.

