Ағылшын тілі бойынша «LINGUAFEST» II халықаралық олимпиадасы

Ағылшын тілі бойынша «LINGUAFEST» II халықаралық олимпиадасы

2026 жылғы 28 наурызда Семей медицина университетінде тілдік емес мамандықтардың 1–2 курс студенттері арасында ағылшын тілі бойынша II Халықаралық олимпиада өтті. Іс-шара жалпы білім беру пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен өткізіліп, Орал Абдулғалимұлы Әділхановты еске алуға арналған және жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Биылғы олимпиада жоғары деңгейде өтті.

Олимпиадаға барлығы 103 студент қатысты: 47-сі офлайн форматта, 56-сы онлайн форматта. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 43 үздік қатысушы екінші кезеңге өтті, оның ішінде 16-сы офлайн, 27-сі онлайн форматта бақ сынады.

Қатысушылар қатарында Қазақстаннан бөлек Әзірбайжан, Ресей, Ташкент (Өзбекстан), Түрікменстан және Қырғызстан елдерінің өкілдері болды.

Іс-шара барысында Орал Абдулғалимұлының өмірі мен кәсіби қызметі туралы естеліктер айтылды. Құттықтау сөздерімен АжТЖ жөніндегі проректор Жанаргүл Қайырғалиевна Смайлова, жұбайы Карлыгаш Ашкенқызы және жақын досы Жеңіс Қәкенұлы Дихамбеков сөз сөйледі.

Офлайн кезең жеңімпаздары:

Гран-при — Ернар Сабыржанов (Семей медицина университеті)

I орын — Зуфар Исмагул (Семей медицина университеті)

II орын — Алинур Нуруллаева (Семей медицина университеті)

III орын — Бекнұр Аскербеков (Шәкәрім университеті, Семей)

Онлайн кезең жеңімпаздары:

Гран-при — Лейла Каримли (Әзірбайжан медицина университеті)

I орын — Инара Марипова (Асфендияров атындағы ҚазҰМУ)

II орын — Камила Тұрарбек, Ақторғын Жұмабек (МУА)

III орын — Фатима Мовсумова (Әзірбайжан медицина университеті), Бақберген Баялиев (МУА), Жанель Өтеген (МУА)

Олимпиаданың басты мақсаты — ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру, шығармашылық және сыни ойлауды дамыту, сондай-ақ халықаралық қарым-қатынас мәдениетін нығайту.

Ұйымдастырушылар мен қатысушылар бұл олимпиаданың Орал Абдулғалимұлының құрметіне жыл сайын өтетін маңызды дәстүрге айналатынына және әртүрлі елдердің студенттерін біріктіріп, жаңа жетістіктерге жетелейтініне сенімді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз