Достоевский әлемі: ақпараттық сағат

Достоевский әлемі: ақпараттық сағат

2026 жылдың 2 сәуір күні қалалық Абай кітапханасында  Ф. М. Достоевскийдің туғанына 205 жыл толуына орай «Достоевский әлемі» атты ағылшын тілінде ақпараттық сағат өтті. Іс-шараға Б.А. Жоргатаева медицина факультетінің 1502 шетел кураторлық топ студенттерімен қатысты.

Студенттер Федор Достоевскийдің өмірінің қызықты тұстары,  Семейге жер аудару кезеңі және оның шығармашылығы туралы әңгімелеп берді.

Іс-шара аясында жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы бойынша викторина ұйымдастырылып, “Достоевский” атты тапсырмалар жиынтығы орындалды. Белсене ат салысқан Versha Singh, Anchal Kumasi, Abhirupam Sharma және Diksant Jain студенттеріне ынталандыру сыйлықтары берілді.

Куратор, Б.А. Жоргатаева

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз