2026 жылдың 7 сәуірінде Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы Цифрландыру және жасанды интеллект жылына арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша жыл сайынғы университетішілік пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиаданың негізгі мақсаты денсаулық сақтаудың цифрлық трансформациясы аясында болашақ медицина мамандарының цифрлық құзыреттілігін арттыру және студенттердің кәсіби әлеуетін дамыту болды.
Олимпиада екі турда өтті. Бірінші турда қатысушылар «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінен тест тапсырды. Екінші кезеңде қатысушыларға студенттердің болашақ кәсіби қызметінде сұранысқа ие болатын цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған тәжірибеге бағытталған тапсырмалар ұсынылды. Олимпиадаға «Медицина», «Стоматология», «Педиатрия» білім беру бағдарламалары бойынша 1 курстың 48 студенті қатысты.
Жеңімпаздар екі кезеңнің қосындысы бойынша анықталды:
1 орын – Амангельдынов Әділет, 1128 топ студенті БББ Медицина; Маратбек Аружан, 1101 топ студенті БББ Медицина;
2 орын – Кособаева Диана, 1243 топ студентті БББ Педиатрия; Ергалиева Аружан, 1101 топ студентті БББ Медицина, Саудабаева Алуа, 1236 топ студентті, БББ Медицина
3 орын – Сериков Мәди, 1311 топ студентті, БББ Стоматология, Серікқызы Аружан, Серік Азамат, 1114 топ студенттері БББ Медицина.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және олимпиада қатысушыларына қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтамыз. Медицинада цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті қолдануда оларға табыс тілейміз!!!
Олимпиаданы ұйымдастырушылар:
Жорокпаева М.Д., ЖББП кафедрасының меңгерушісі
Ғалымова Ә.Д., оқу ісінің меңгерушісі
Мусатаева И.С., аға оқытушы
Букатаева А.Б., оқытушы

