2026 жылғы 10 сәуірде Астана қаласында «Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы жоғары оқу орындарының үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара жоғары оқу орындарының ТДМ-ға қол жеткізудегі рөлін жан-жақты талқылауға және тұрақты даму қағидаттарын жоғары білім беру жүйесіне енгізу бойынша келісілген тәсілдерді қалыптастыруға арналған алаң болды.
Іс-шараны «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ БҰҰ-ның Елдік командасының қолдауымен ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел ТДМ-ды іске асыруға жауапты жоғары оқу орындарының басшылары мен құрылымдық бөлімшелерінің өкілдеріне бағытталды. Іс-шараға Қазақстанның 89 жоғары оқу орнының өкілдері қатысты.
Бағдарлама үш негізгі кезеңнен тұрды: ресми ашылу, панельдік сессиялар және интерактивті воркшоп.
Құттықтау сөздермен келесі тұлғалар сөз сөйледі: А.К. Дарбаев – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі, С. Раднарагча – Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі, К. Вавьерниа – Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі, А. Абылайхан – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары, сондай-ақ Б.Б. Баткеев – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы.
Күннің бірінші жартысында панельдік сессиялар аясында баяндамалар ұсынылды, ал екінші жартысында тақырыптық бағыттар бойынша интерактивті топтық жұмыс өткізіліп, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ТДМ-ды дамыту жөнінде сараптамалық ұсынымдар қалыптастырылды.
Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындары атынан баяндама жасаған – «СМУ» КеАҚ-ның стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Нуртазина Алма Уахитовна. Ол өз сөзінде университеттің ТДМ-ға қол жеткізу саласындағы тәжірибесін таныстырып, Орталық Азия өңірлік планетарлық денсаулық орталығының қызметін баяндады.
Баяндама қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, ұйымдастырушылар мен қатысушылардың оң бағасына ие болды, бұл оның өзектілігі мен практикалық маңыздылығын көрсетті.
Талқылау қорытындылары әрбір тақырыптық блок бойынша қорытынды презентацияларда көрініс тауып, жиын модераторы тарапынан жинақталды. Дөңгелек үстел жұмысының нәтижесінде қатысушылар Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне тұрақты даму қағидаттарын тиімді енгізуге бағытталған практикалық ұсыныстар әзірледі.

