Erasmus+ бағдарламасы аясында академиялық ұтқырлық бойынша оқуға өтінімдерді қабылдау

Erasmus+ бағдарламасы аясында академиялық ұтқырлық бойынша оқуға өтінімдерді қабылдау

Академиялық ұтқырлық аясында George Emil Palade University of Medicine, Pharmacy, Science, and Technology of Targu Mures (Румыния) оқуға құжаттарды қабылдау жарияланады. Оқу мерзімі — 2 ай, шамамен 2026 жылғы шілде айының басынан тамыз айының соңына дейін.
«СМУ» КеАҚ «Медицина» және «Педиатрия» білім беру бағдарламалары бойынша б3л3м алатын 2,3 және 4 курс студенттері (Қазақстан азаматтары) қатысуға өтінім бере алады.
Академиялық ұтқырлықтан өту үшін конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін сізден 29.04.2026 дейін байланыс ақпаратын міндетті түрде көрсете отырып, ағылшын тілінде CV smu.partnership@smu.edu.kz поштасына жіберуіңізді сұраймыз.
Өтінім берген үміткерлер университеттің конкурстық комиссиясы деңгейінде сұхбаттасудан өтеді.
Іріктеу критерийлері:
* Негізгі критерий-ағылшын тілінің жоғары деңгейі
* Жоғары GPA ұпайы және мотивация.
Академиялық ұтқырлық бойынша бөлінген бюджет шеңберінде қандай шығыстар жабылады:
– жол шығындары;
-стипендия;
– оқыту тегін.
Қосымша ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне (306 кабинет) хабарласуыңызды сұраймыз.