ХАБАРЛАНДЫРУ
«Өз кәсібінің үздігі» университетішілік байқауын өткізу туралы
«Семей медицина университеті» КеАҚ-да «Өз кәсібінің үздігі» университетішілік байқауының өткізілетіні туралы хабарлаймыз.
Байқау білікті және дарынды мамандарды анықтау және ынталандыру, педагогикалық және ғылыми қызметтің беделін арттыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 44 бұйрығымен бекітілген «Өз кәсібінің үздігі» атағын беру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Байқау номинациялары:
* «Медициналық ЖОО-ның үздік оқытушысы»;
* «Денсаулық сақтау саласының үздік ғалымы».
Байқауды өткізу мерзімі:
2026 жылғы 04 мамырдан 18 мамырға дейін.
Профессор-оқытушылар құрамының барлық өкілдерін байқауға белсенді қатысуға және өздерінің кәсіби жетістіктерін көрсетуге шақырамыз.
Барлық сұрақтар бойынша келесі бөлімдерге жүгінуге болады:
* медициналық білім сапасын бақылау бөлімі;
* ғылыми-зерттеу бөлімі.
Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!

