Кураторлық жұмысты ұйымдастыру аясында студенттердің бос уақытын тиімді өткізу және білімге деген қызығушылығын арттыру мақсатында кураторлық топ студенттерімен «Квиз-плиз!» командалық-интеллектуалдық ойыны өткізілді.
Іс-шараны мен, Мукашева Гүлбаршын Дарынқызы, кураторлық топ 2213 студенттерімен бірге 2025 жылғы 10 қазанда ұйымдастырдым.
Ойын барысында жалпы эрудиция, логикалық ойлау және медицина саласына қатысты білімді қамтитын сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылды. Студенттер команда ішінде белсенді жұмыс істеп, жылдам шешім қабылдау және дұрыс жауап табу қабілеттерін көрсетті.
Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, жағымды эмоция мен жақсы көңіл-күй алды.
Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының №4 – «Сапалы білім» және №17 – «Партнёрлік арқылы мақсаттарға жету» бағыттарымен тығыз байланысты болды.

