«Білім беру бағдарламаларын жобалау» оқыту семинарының басталуы туралы

«Білім беру бағдарламаларын жобалау» оқыту семинарының басталуы туралы

Құрметті білім беру бағдарламаларының координаторлары мен жауапты тұлғалары, оқытушылар және «Семей медицина университеті» КеАҚ қызметкерлері!

Білім беру бағдарламаларын әзірлеу сапасын арттыру және оларды үздіксіз жетілдіру, академиялық координаторлардың кәсіби құзыреттерін дамыту, сондай-ақ білім беру процесін жобалауда бірыңғай тұжырымдамалық тәсілдерді қамтамасыз ету мақсатында «Семей медицина университеті» КеАҚ-та оқыту семинарларының сериясы басталады.

Тәжірибенің алғышарттары мен сабақтастығы:
Ішкі лекторлар пулын қалыптастыруға дейін ауқымды сыртқы дайындық жүргізілді. Университет лекторларының құрамы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының (ҚР ҒЖБМ ЖБДҰО) салалық сарапшысының жетекшілігімен арнайы оқытудан өтті.

Оқыту нәтижесінде тыңдаушылар өз құзыреттерін сәтті растады және университетішілік координаторлар мен білім беру бағдарламаларына жауапты тұлғаларға каскадтық оқыту жүргізу үшін ішкі лекторлар ретінде тағайындалды.

Кезеңдердің өткізілу кестесі мен форматы:
2026 жылғы 14 мамырдағы академиялық және тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың м.а. өкіміне сәйкес университет координаторлары мен ББ жауапты тұлғаларына арналған оқытудың алғашқы кезеңі келесі мерзімдерде өтеді:

* Өткізу кезеңі: 2026 жылғы 20-22 мамыр (3 күн);
* Семинар уақыты: күн сайын сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін;
* Форматы: офлайн оқу;
* Өткізу орны: «Семей медицина университеті» КеАҚ.

Семинар лекторларының бекітілген құрамы:
Оқытуды университеттің сертификатталған ішкі сарапшылары жүргізеді: Тренина В.А., Оспанова А.С., Рымбаева А.С., Ботабаева А.С., Токаева А.З., Мансурова А.А., Байбусинова А.Ж., Иманмадиева Д.М., Козубаева Д.Б., Серикова-Есенгельдина Д.С., Мансурова Д.А., Калиханова К.Е., Аккалиев М.Н., Капакова М.А., Юрковская О.А., Асанова С.А., Абдрахманов С.Т., Альпищева С.В., Токешева Ш.М., Толеутаев Т.А.

Жоспарлар мен даму перспективалары:
Аталған семинар университеттің оқу-әдістемелік жұмысын кешенді жаңғыртудың бастапқы кезеңі болып табылады. Барлық координаторлар мен жауапты тұлғаларды оқыту аяқталғаннан кейін бұл тәжірибе университеттің барлық құрылымдарына кеңейтіледі. 2026–2027 оқу жылының қыркүйек айында университеттің барлық кафедраларының профессор-оқытушылар құрамына (ПОҚ) арналған каскадтық оқыту өткізу жоспарланған.

Барлық координаторлар мен жауапты тұлғаларға алынған тәсілдерді кафедралар жұмысына одан әрі енгізу мақсатында семинарға толық қатысуды қамтамасыз етілуі тиіс.

Медициналық білім сапасын бақылау бөлімі

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз