«Семей медицина университеті» КеАҚ-да 2026 жылғы 04 мамыр мен 18 мамыр аралығында өткізілген «Өз кәсібінің үздігі» унрверситетішілік байқауының қорытындылары шығарылды.
Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар болып танылды:
* «Денсаулық сақтау саласының үздік ғалымы» номинациясы бойынша – Дюсупова Ажар Ахметқалиқызы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Семей қ. жалпы дәрігерлік практика кафедрасының меңгерушісі;
* «Медициналық жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» номинациясы бойынша – Шаханова Айжан Тұңғышханқызы, PhD, ішкі аурулар және ревматология кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Конкурстық комиссияның шешімімен аталған кандидатуралар байқаудың республикалық кезеңіне қатысуға ұсынылды.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, кәсіби қызметтеріне толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

