Клиникалық комитеттің отырысы «Ауыр бронхиалды астма. Терапияның жаңа көкжиектері»

Клиникалық комитеттің отырысы «Ауыр бронхиалды астма. Терапияның жаңа көкжиектері»

2026 жылғы 20 мамырда Абай облысы бойынша денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері талқыланған Клиникалық комитеттің отырысы өтті. Атап айтқанда, келесі тақырыпта баяндама ұсынылды: «Ауыр бронхиалды астма. Терапияның жаңа көкжиектері» Баяндамашы: Ж.М. Уразалина — Профессор ҚР НАЕН корреспондент-мүшесі А. З. Дюсупов атындағы шұғыл медицина кафедрасының қауымдастырылған профессоры, жоғары санатты дәрігер (балалар, ересектер пульмонологиясы, шұғыл медицина, терапия), медицина ғылымдарының кандидаты, Абай облысының бас пульмонологы.

Ұйымдастырушылар: «СМУ» КеАҚ клиника бөлімі, «СМУ» КеАҚ профессор ҚР НАЕН корреспондент-мүшесі А. З. Дюсупов атындағы шұғыл медицина кафедрасы.

Отырысқа клиника және дипломнан кейінгі білім беру жөніндегі проректор — Думан Берікұлы, бас дәрігерлер қатысты, сондай-ақ ZOOM платформасы арқылы Абай облысының аудандық ауруханалары қосылды.

Баяндама барысында ауыр бронхиалды астманы диагностикалау мен емдеудің заманауи деректері ұсынылып, өзекті клиникалық ұсынымдар, сондай-ақ ауруды жекелендірілген емдеудің жаңа мүмкіндіктері қарастырылды. Емдеудің тиімділігін арттыруға, асқынулар жиілігін төмендетуге және пациенттердің өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін заманауи препараттарды қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Баяндама отырысқа қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды, себебі ауыр бронхиалды астма мәселесі практикалық денсаулық сақтау саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Ауруды ерте анықтау, терапияны уақтылы тағайындау, мамандардың пәнаралық өзара әрекеттестігі мәселелері талқыланды.

Отырыс барысында қатысушылар кәсіби тәжірибе алмасып, клиникалық тәжірибені дамытудың заманауи үрдістерін және халыққа медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мәселелерін талқылады. Осындай іс-шараларды өткізу медициналық ұйымдар арасындағы өзара байланысты нығайтуға, диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін енгізуге, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз