Құрметті кафедра меңгерушілері, оқытушылар және «Семей медицина университеті» КеАҚ қызметкерлері!
Профессор-оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, педагогикалық шеберлікті жетілдіру, заманауи білім беру технологияларын енгізу және білім беру процесінің сапасын арттыру мақсатында «Семей медицина университеті» КеАҚ-да «Тиімді оқытушы» атты оқыту семинары өткізіледі.
Семинардың алғышарттары мен маңыздылығы:
Ішкі лекторлар пулын қалыптастыруға дейін ауқымды сыртқы дайындық жұмыстары жүргізілді. Университетіміздің лекторлар құрамы алдын ала «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының жетекшісі-бейінді сарапшының жетекшілігімен арнайы оқытудан өтті. Алынған білім мен тәжірибелік тәсілдер заманауи білім беру технологияларын әрі қарай енгізуге және университеттегі ішкі оқыту жүйесін дамытуға негіз болды.
Медициналық білім берудің заманауи талаптары оқытушылардың кәсіби дамуын тұрақты жетілдіруді, инновациялық оқыту әдістерін енгізуді, білімді бағалау формаларын жетілдіруді және цифрлық технологияларды білім беру процесіне интеграциялауды талап етеді. Семинарды өткізу университетте сапалы әрі тиімді оқытуды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған.
Өткізу кестесі мен форматы:
Академиялық және тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың м.а. 2026 жылғы 14 мамырдағы Өкімі негізінде семинар келесі мерзімдерде өтеді:
* Өткізу кезеңі: 2026 жылғы 25–26 мамыр;
* Уақыты: күн сайын сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін;
* Форматы: офлайн оқыту;
* Өткізу орны: «Семей медицина университеті» КеАҚ, 2-дәріс залы.
Семинар лекторларының бекітілген құрамы:
Оқытуды университеттің оқытушылары мен ішкі сарапшылары жүргізеді:
Шаханова А.Т., Оразалина А.С., Жунуспекова А.С., Атабаева А.К., Токаева А.З., Советов Б.С., Токабаева Б.Ж., Алибекова Б.А., Кожахметова Д.К., Сулейменева Д.М., Ахметжанова Д.О., Оразгалиева М.Т., Кулабухова Н.С., Рахымбаева С.Ж., Маукаева С.Б., Кожанова С.К.
Семинардың негізгі бағыттары:
Бағдарлама аясында медициналық білім берудегі заманауи тәсілдер мен технологиялар қарастырылады, соның ішінде:
* жоғары медициналық білім беру педагогикасының негіздері;
* оқу процесін жоспарлау және дизайн жасау;
* проблемалық-бағдарланған (PBL), командалық-бағдарланған (TBL) және клиникалық жағдайларға бағытталған оқыту (CBL);
* flipped classroom технологиялары;
* клиникалық оқытуда EPA және IPPT қолдану;
* білім алушылардың білімін бағалау әдістері;
* тиімді презентациялар мен әдістемелік материалдарды дайындау;
* медициналық білім берудегі симуляциялық және цифрлық технологиялардың рөлі.
Перспективалар және алдағы жұмыс:
Оқыту аяқталғаннан кейін барлық кафедралардың, оның ішінде Павлодар және Өскемен қалаларындағы филиалдардың профессор-оқытушылар құрамы алынған білім мен білім беру тәсілдерін 2026-2027 оқу жылының қыркүйек айынан бастап кафедралардың оқу процесіне енгізуі, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамына каскадтық оқыту жүргізуі қажет.
Барлық кафедра меңгерушілеріне бекітілген кестеге сәйкес қызметкерлердің семинарға міндетті қатысуын қамтамасыз ету тапсырылады.
Медициналық білім сапасын бақылау бөлімі

