Абай облысының дәрігерлеріне арналған мастер-класс

Абай облысының дәрігерлеріне арналған мастер-класс

М.ғ.к., доцент Д.М. Тусупова атындағы педиатрия кафедрасы «Семей медицина университеті» КеАҚ

Анестезиология және реаниматология кафедрасы «Семей медицина университеті» КеАҚ

«Симуляциялық тренинг: балалардағы ЖӨР және анафилаксия кезіндегі шұғыл терапияның практикалық дағдылары»

Абай облысының дәрігерлеріне арналған мастер-класс (офлайн + онлайн)

Ұйымдастырушылар: Д.О. Ахметжанова, М.К. Сыздықбаев, Д.М. Иманмадиева, А.С. Оспанова, В.Т. Долинная, К.Д. Абаева, Д.Ж. Сабитова

БАҒДАРЛАМА

Оқу мерзімі мен форматы

Өтетін күні: 2026 жылғы 04 маусым (6 сағат)
Сабақ уақыты: 12:00–18:00с
Өтетін орны: «Семей медицина университеті» КеАҚ Оқу- клиникалық орталық

Қамтылатын аудитория:
Бағдарлама -дәрігер – педиатр, жалпы тәжірибелік дәрігер, анестезиолог-реаниматолог және жедел жәрдем дәрігерлеріне арналған.

Мақсаты

ABCDE алгоритмдерін және жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу дағдыларын жетілдіру, балалардағы анафилаксиялық шок кезінде шұғыл көмек көрсету, сондай-ақ симуляциялық оқыту арқылы заманауи клиникалық ұсынымдар негізінде уақыт шектеулі жағдайда клиникалық ойлау мен шешім қабылдау дағдыларын дамыту.

Міндеттері

• ABCDE алгоритмін интеграциялау: алғашқы қарау дағдысын критикалық бұзылыстарды жедел анықтауға бағытталған біртұтас үздіксіз процесс ретінде бекіту.
• ЖӨР техникасын жетілдіру: мануалдық дағдыларды (компрессия, вентиляция, дефибрилляция) автоматтандырылған деңгейге дейін дамыту.
• Дағдыларды стресс-сынақтан өткізу: жедел шешім қабылдауды талап ететін уақыт тапшылығы жағдайындағы анафилаксиялық шок сценарийлерін пысықтау.
• Диагностикалық қателіктерді талдау: критикалық жағдайлардың себептерін жылдам ажыратып, ем тактикасын жедел түзету қабілетін дамыту.
• Командалық көшбасшылық: шұғыл жағдай кезінде бригада ішіндегі ақпарат алмасу мен ресурстарды тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру.

Оқу соңында 6 сағаттық сертификат беріледі.

Толық ақпарат алу үшін «Семей медицина университеті» КеАҚ Қосымша және бейресми білім беру бөліміне хабарласуға болады:

Габитова Риналия Болатқызы: +7 747 579 16 92
Шарипова Нұршат Ақанқызы: +7 777 152 68 58

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар