2026 жылғы 30 сәуірде эпидемиология және биостатистика кафедрасының аға оқытушысы Тукинова А.Р. шетелдік студенттерге арналған «Эпидемиология» тақырыбында Speaking Club сабағын өткізді.
Сабақ барысында эпидемиологияның негізгі ұғымдары, аурулардың таралу заңдылықтары және халық денсаулығына әсер ететін факторлар қарастырылды. Студенттер эпидемиологиялық зерттеу әдістері мен алдын алу шараларын талқылады.
Іс-шара ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамытуға және эпидемиология саласындағы білімді тереңдетуге ықпал етті.

