2026 жылғы 3 наурызда эпидемиология және биостатистика кафедрасының аға оқытушысы Тукинова А.Р. шетелдік студенттерге арналған «Ғылыми зерттеулер» тақырыбында Speaking Club сабағын өткізді.
Кездесу барысында студенттер ғылыми зерттеудің негізгі кезеңдерін, дәлелді медицинаның қағидаларын және денсаулық сақтаудағы ғылыми тәсілдің маңызын талқылады. Ағылшын тілінде академиялық сөйлеу дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды.
Іс-шара студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамытуға және академиялық құзыреттілігін арттыруға ықпал етті.

