Үздік медициналық білім беру ұйымы

Үздік медициналық білім беру ұйымы

2024–2029 жылдарға арналған мемлекеттік тіл саясатын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен еліміздің денсаулық сақтау ұйымдары арасында ұйымдастырылған «Сапалы құжат: ұлттық стандарттарға негізделген ісқағаз» республикалық конкурсында «Семей медицина университеті» КеАҚ жоғары жетістікке қол жеткізді.

Университетіміз «Үздік медициналық білім беру ұйымы» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломды иеленіп, бұл мәртебелі жеңісті екінші жыл қатарынан қорғап шықты.

Бұл жетістік – университет ұжымының кәсібилігі мен жауапкершілігінің, мемлекеттік тілдегі ісқағаз жүргізу мәдениетін дамытудағы жүйелі жұмысының және сапалы білім беру қағидаттарына адалдығының айқын нәтижесі.

Осы айтулы жеңіспен университетіміздің барлық қызметкерлері мен білім алушыларын шын жүректен құттықтаймыз!

Конкурсқа қатысуға белсенді атсалысқан университет әкімшілігіне, профессор-оқытушылар құрамына, кафедралар мен құрылымдық бөлімшелерге зор алғысымызды білдіреміз.

Ортақ еңбектің жемісі болған бұл жетістік жаңа белестерді бағындыруға серпін берсін!

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз