Тәрбие және алдын алу жұмыстар аясында 5303 «Педиатрия» БББ студенттері «СМУ» КеАҚ УГ педиатриялық бөлімшесінің жасөспірімдерге «Жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің алдын алу мәселелері» тақырыбында жастар денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру, ерте жүктіліктің алдын алу және өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.
Кездесу барысында репродуктивті денсаулық мәселелері, ерте жүктіліктің қауіп факторлары, жасөспірімдер жүктілігінің медициналық, әлеуметтік және психологиялық салдары талқыланды. Сонымен қатар салауатты өмір салтының маңыздылығына, репродуктивті денсаулықты сақтауға, саналы шешім қабылдауға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға ерекше назар аударылды.
Жасөспірімдер талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жасөспірімдер жүктілігінің алдын алу және репродуктивті денсаулықты сақтау жолдары туралы қажетті ақпарат алды.
Осындай іс-шаралар жастар арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыруға, медициналық сауаттылық деңгейін арттыруға және репродуктивті денсаулық пен отбасын жоспарлау мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды дамытуға ықпал етеді.

