Абай облысы Үржар ауданына мобильді мультидисциплинарлық топтың шығуы

Абай облысы Үржар ауданына мобильді мультидисциплинарлық топтың шығуы

Халыққа мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және өңірдегі медициналық ұйымдарға консультативтік-әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Семей медицина университеті» КеАҚ профессорлық-оқытушылық құрамынан жасақталған мобильді мультидисциплинарлық топ 02.06.2026 жылы Абай облысының Үржар ауданына жұмыс сапарымен барды.

Топ құрамында жетекші мамандар болды:

1) Жанаспаев Марат Амангазиевич – дәрігер травматолог, «Семей медицина университеті» КеАҚ, травматология және балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі;

2) Базарбеков Ратбек Жеңісбекұлы – дәрігер уролог, «Семей медицина университеті» КеАҚ хирургиялық пәндер кафедрасының ассистенті;

3) Жазыкбаева Лашын Курмангалиевна – дәрігер пульмонолог, «Семей медицина университеті» КеАҚ, ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, доцент, медицина ғылымдарының кандидаты;

4) Жүніспекова Айсұлу Сәрсенғазықызы – дәрігер кардиолог, PhD, «Семей медицина университеті» КеАҚ, терапия кафедрасының ассистенті;

5) Сәрсебаева Гүлнара Советқалиқызы- дәрігер эндокринолог, «Семей медицина университеті» КеАҚ, терапия кафедрасының ассистенті;

6) Петрова Юлия Викторовна – дәрігер ревматолог, «Семей медицина университеті» КеАҚ, ішкі аурулар және ревматология кафедрасының ассистенті;

7) Канатбекова Арайлым Канатбековна – дәрігер нефролог, «Семей медицина университеті» КеАҚ, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы;

8) Мухтарова Еңлік Айдынқызы – дәрігер невропатолог, неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасының ассистенті;

Консультациялар нәтижесінде қосымша тексерулерден өту, мамандандырылған ем алу және қажет болған жағдайда профильдік медициналық ұйымдарға жатқызу бойынша көрсетілімдер анықталды.

Сонымен қатар, мамандар ауданның медицина қызметкерлерімен кездесулер өткізіп, диагностика, емдеу және пациенттерді бағыттау мәселелерін талқылады, сондай-ақ әріптестеріне консультативтік-әдістемелік көмек көрсетті.

 

Мобильді мультидисциплинарлық топтың мұндай сапарлары «Семей медицина университеті» КеАҚ қызметінің маңызды бағыты болып табылады және медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, заманауи диагностикалық және емдеу әдістерін енгізуге, сондай-ақ университет пен Абай облысының медициналық ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз