«Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттарына «Бірыңғай денсаулық» пәні бойынша «Қоршаған орта денсаулығы» тақырыбында «Теңнен теңге» форматында сабақ өткізілді.
Сабақты Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының 2 курс докторанты Қалбағаева Жадра Ерболқызы Хисметова Зайтуна Абдулкасимовнаның жетекшілігімен жүргізді.
Сабақ барысында халық денсаулығына әсер ететін қоршаған орта факторлары, қоршаған ортаның ластануы, климаттың өзгеруі және олардың қоғамдық денсаулыққа ықпалы мәселелері қарастырылды. Магистранттар өзекті экологиялық мәселелерді талқылап, практикалық жағдайларды талдауға белсенді қатысты.
«Теңнен теңге» форматы білім алушылардың оқу үдерісіне белсенді қатысуына, кәсіби қарым-қатынас, сыни ойлау және пәнаралық көзқарас дағдыларын дамытуға ықпал етті.

