ТДМ 9 – «Медициналық технологиялар мен жасанды интеллект»
Әскери кафедрада өткізілген дәріс барысында студенттер заманауи медицинадағы медициналық технологиялар мен жасанды интеллекттің рөлімен жан-жақты танысты. Іс-шара аясында денсаулық сақтау саласының цифрлық жүйесінің дамуы, инновациялық шешімдерді енгізу және олардың медициналық қызметтердің сапасына әсері қарастырылды. Жасанды интеллекттің ауруларды ерте диагностикалаудағы, диагностикалық қателіктерді азайтудағы, емдеу тактикасын жекелендірудегі және медициналық деректердің үлкен көлемін талдаудағы мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.…





