Абай облысы Шар қаласына мобильді мультидисциплинарлық топтың шығуы

Абай облысы Шар қаласына мобильді мультидисциплинарлық топтың шығуы

Халыққа мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және өңірдегі медициналық ұйымдарға консультативтік-әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Семей медицина университеті» КеАҚ профессорлық-оқытушылық құрамынан жасақталған мобильді мультидисциплинарлық топ 05.06.2026 жылы Абай облысының Шар қаласына жұмыс сапарымен барды.

Топ құрамында жетекші мамандар болды:

1) Жанаспаев Марат Амангазиевич – дәрігер травматолог, «Семей медицина университеті» КеАҚ, травматология және балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі;

2) Базарбеков Ратбек Жеңісбекұлы – дәрігер уролог, «Семей медицина университеті» КеАҚ хирургиялық пәндер кафедрасының ассистенті;

3) Жазыкбаева Лашын Курмангалиевна – дәрігер пульмонолог, «Семей медицина университеті» КеАҚ, ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, доцент, медицина ғылымдарының кандидаты;

4) Жүніспекова Айсұлу Сәрсенғазықызы – дәрігер кардиолог, PhD, «Семей медицина университеті» КеАҚ, терапия кафедрасының ассистенті;

5) Сәрсебаева Гүлнара Советқалиқызы- дәрігер эндокринолог, «Семей медицина университеті» КеАҚ, терапия кафедрасының ассистенті;

6) Петрова Юлия Викторовна – дәрігер ревматолог, «Семей медицина университеті» КеАҚ, ішкі аурулар және ревматология кафедрасының ассистенті;

7) Канатбекова Арайлым Канатбековна – дәрігер нефролог, «Семей медицина университеті» КеАҚ, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы;

8) Мухтарова Еңлік Айдынқызы – дәрігер невропатолог, неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасының ассистенті;

9) Еркетаева Акерке Хасеновна – дәрігер оториноларинголог, неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасының ассистенті.

Іссапар барысында мамандар аудан тұрғындарына консультативтік қабылдау жүргізді. Барлығы 159 пациент қаралды, оның ішінде:

* невропатолог – 20;

* кардиолог – 31;

* эндокринолог – 15;

* ревматолог – 20;

* пульмонолог – 30;

* нефролог – 15;

* травматолог – 3;

* уролог – 8;

* оториноларинголог – 17.

Мобильді мультидисциплинарлық топтың сапары облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жетілдіруге бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болды. Университет мамандарының практикалық қызметі пациенттерге уақытылы консультациялық көмек көрсетуге, кәсіби тәжірибе алмасуға және жергілікті медицина қызметкерлеріне әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз