Білім алушыларға арналған “Жазғы мектеп”

Білім алушыларға арналған “Жазғы мектеп”

2026 жылғы 01-06 маусым аралығында «Семей медицина Университеті» КеАҚ профессор Д. Р. Мусинов атындағы клиникалық онкология, радиология және ядролық медицина кафедрасында Zoom платформасы арқылы онлайн форматта «Қатерлі жаңа түзілімдер кезіндегі онконасторождық мәселелері» тақырыбында Жазғы мектеп өткізілді. Аталған іс-шара «Семей медицина университетінің» КеАҚ барлық курстар мен мамандықтар бойынша интерндеріне арналды.

Жазғы мектептің мақсаты – қатерлі жаңа түзілімдерді ерте кезеңде анықтау мәселелері бойынша білім деңгейін арттыру, онкологиялық сақтануды қалыптастыру арқылы емдеу тиімділігін жоғарылату, өлім-жітімді төмендету және науқастардың өмір сүру болжамын жақсарту.

Жазғы мектепті ұйымдастыру және өткізуге жауапты тұлғалар: кафедра меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Апсаликов Б.А.; кафедраның аға оқытушысы, медицина ғылымдарының магистрі Косымбаева Е.О.; кафедра ассистенттері — Мусульманова М.А., Жунисова Д.А., Салыкбаева К.С., Рымбаева А.С. Кафедра тарапынан Жазғы мектептің өткізілуі туралы ақпарат университеттің ресми сайтына орналастырылды.

Жазғы мектеп аясында келесі тақырыптар бойынша дәрістер оқылды:

«Тыныс алу жүйесі ағзаларының қатерлі жаңа түзілімдері кезіндегі онкологиялық сақтану (өкпе, плевра, жоғарғы тыныс жолдары)» — лектор Апсаликов Б.А.;
«Сүт безінің қатерлі жаңа түзілімдері кезіндегі онконасторождық» — лектор Мусульманова М.А.;
«Тері мен шырышты қабықтардың қатерлі жаңа түзілімдері кезіндегі онкологиялық сақтану (меланома, терінің меланомды емес ісіктері, және шырышты қабаттарының ісіктері)» — лектор Косымбаева Е.О.;
«Асқазан-ішек жолы ағзаларының қатерлі жаңа түзілімдері кезіндегі онкологиялық сақтану (өңеш, асқазан, ішек, бауыр, ұйқы безі)» — лектор Салыкбаева К.С.;
«Несеп-жыныс жүйесі ағзаларының қатерлі жаңа түзілімдері кезіндегі онкологиялық сақтану (бүйрек, қуық, қуықасты безі)» — лектор Рымбаева А.С.;
«Әйелдердің репродуктивті жүйесі ағзаларының қатерлі жаңа түзілімдері кезіндегі онкологиялық сақтану (жатыр мойны, жатыр денесі, аналық бездер)» — лектор Жунисова Д.А.
Профессор Д. Р. Мусинов атындағы клиникалық онкология, радиология және ядролық медицина кафедрасының меңгерушісі Апсаликов Б.А. іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан кафедра қызметкерлеріне және барлық қатысушыларға белсенді қатысулары мен жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін шынайы алғысын білдірді.

Онкологиялық сақтану — бұл жай ғана медициналық ұғым емес, денсаулық пен өмірді сақтауға бағытталған аса маңызды тәсіл. Оның қағидаларын меңгеру алаңдататын белгілерді дер кезінде анықтауға, оларға дұрыс әрекет етуге мүмкіндік береді және қатерлі жаңа түзілімдерді ерте диагностикалауға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде табысты емдеудің негізгі факторы болып табылады.

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар