Жедел медициналық көмек бойынша симуляциялық марафон

Жедел медициналық көмек бойынша симуляциялық марафон

Құрметті оқытушылар мен резиденттер!

Медициналық университеттің симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасы медициналық университет резиденттерін жоғары технологиялық симуляциялық жабдықтарды қолдана отырып өтетін шұғыл медицина бойынша ішкі университеттік олимпиадаға қатысуға шақырады.

«Жедел медициналық көмек бойынша симуляциялық марафон»

Олимпиаданың мақсаты:

Резиденттердің шұғыл медициналық көмек көрсету саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру, клиникалық ойлау қабілетін дамыту, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру, уақыт тапшылығы жағдайында шешім қабылдау және командалық өзара әрекеттесу дағдыларын жоғары реалистік симуляциялық оқыту арқылы жетілдіру.

Қатысушылар:

Медициналық университеттің терапиялық бейіндегі резиденттері.

Өткізу форматы:

Нақты клиникалық тәжірибеге барынша жақындатылған симуляциялық станцияларды кезең-кезеңімен өту арқылы командалық жарыс.

Өткізілетін күні мен орны:

2026 жылғы 18 маусым, Оқу-клиникалық орталық.

Команда құрамы:

3–4 қатысушыдан тұратын команда, оның ішінде міндетті түрде команда капитаны тағайындалады. Команда таныстыруының міндетті элементтері: команда атауы, ұраны, қысқаша сәлемдесу және капитанның таныстырылымы.

Командаларға қойылатын талаптар: хирургиялық костюм немесе медициналық халат, медициналық қалпақ, ауыстыратын аяқ киім, маска және қолғап кию; сондай-ақ олимпиаданың барлық кезеңдерінде тәртіпті сақтау міндетті болып табылады.

ОЛИМПИАДА БАҒДАРЛАМАСЫ

Уақыты Іс-шара
08:30–09:00 Қатысушыларды тіркеу
09:00–09:20 Олимпиаданың салтанатты ашылуы
09:20–09:30 Қатысушыларға инструктаж жүргізу
09:30–12:30 Симуляциялық станцияларды өту
12:30–13:00 Сараптамалық комиссия қорытындысын шығару
13:00–13:30 Марапаттау рәсімі және жабылу салтанаты
СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ СТАНЦИЯЛАР

1-станция: «Apollo: Критикалық науқастың коды»

(Робот-симулятор Apollo)

Қатысушылар өмірлік көрсеткіштері динамикалық түрде өзгеріп отыратын критикалық жағдайдағы науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

2-станция: «PHTLS: Алтын сағат. Триаж»

(Жарақат кезіндегі догоспитальдық көмек)

Команда PHTLS қағидаттарына сәйкес зардап шеккендерді бағалау, тұрақтандыру және триаж сұрыптау.

3-станция: «Body Interact: Клиникалық детектив»

(Виртуалды пациент Body Interact)

Қатысушылар виртуалды пациентті толық тексеріп, алынған деректерді талдап, дұрыс ем тактикасын анықтайды.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Сараптамалық комиссия төмендегі көрсеткіштер бойынша бағалайды:

клиникалық алгоритмдерді сақтау;
практикалық дағдыларды орындау сапасы;
клиникалық ойлау қабілеті;
командалық жұмыс;
пациентпен және команда мүшелерімен коммуникация;
қабылданған шешімдердің тиімділігі.
Байланысу:

Смагулова Жанар Исламовна – Симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының оқу ісі жөніндегі орынбасары, тел: +77075443934

Ұйымдастыру комитеті:

Симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасы.

Ұран:

«Заманауи шұғыл медицина тек білімді емес, әрекетке дайындықты да талап етеді. Симуляция – білімді құтқарылған өмірге айналдырады».

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар