«Педиатрия» мамандығының 3 курс арасында «Тыныс алу жүйесінің аурулары» пәндік олимпиада өтті

«Педиатрия» мамандығының 3 курс арасында «Тыныс алу жүйесінің аурулары» пәндік олимпиада өтті

2025 жылдың 1 желтоқсанында Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі Қ. Ш. Амренованың және Б. Е. Канапияновтың басшылығымен, сондай-ақ С. Б. Қайдарова, Л. К. Жазықбаева, Г. М. Аманғалиева, А. С. Рақымғазиева, А. Т. Қилыбаева бірлесе ұйымдастыруымен «Педиатрия» мамандығының 3 курс студенттері арасында «Тыныс алу жүйесінің аурулары» пәні бойынша пәндік олимпиада сәтті өтті.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды:

Блиц-сауалнама (1 тур)

Ситуациялық есептерді шешу (2 тур)

Сайысқа 3434 топтың 10 студенті қатысты. Екі турдың нәтижесі бойынша жүлделі орындарға ие болғандар:

1 орын – Қадыл Мақпал

2 орын – Берекет Мералы

3 орын – Ақылбай Әлиза

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Олимпиаданың барлық қатысушылары дипломдармен марапатталды!

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар