Абай облысында TOEFL iBT емтиханын тапсыратын алғашқы сертификатталған орталықтың ашылуы
Шетелде білім алуды немесе кәсіби дамуды жоспарлап жүрген білім алушылар, оқытушылар және барша тұрғындар үшін жақсы жаңалық! Семей медицина университетінде TOEFL iBT халықаралық емтиханын тапсыратын ресми авторизацияланған орталық ашылды. Енді ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалайтын әлемдегі сұранысқа ие емтихандардың бірін тапсыру үшін басқа қалаға барудың қажеті жоқ. Емтиханды университетіміздің жайлы жағдай жасалған, ресми сертификатталған орталығында…



