Превентивті педиатрия мектебінің жұмысы аясында ата-аналар мен балаларға арналған «Балалардағы анемия мен тапшылық жағдайларының алдын алу» тақырыбында дәріс-әңгіме өткізілді.
Іс-шараны м.ғ.к., доцент Д.М. Тусупова атындағы педиатрия кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Ахметжанова Д.О., м.ғ.к., доцент Д.М. Тусупова атындағы педиатрия кафедрасының ассистенті PhD, Тугелбаева А.М., кафедра ассистенті Койшыбаева К.Ж. жүргізді.
Дәріс-әңгіме барысында қатысушыларға балалардағы темір тапшылығы анемиясының және басқа да тапшылық жағдайларының даму себептері, қауіп факторлары, алғашқы клиникалық белгілері және олардың алдын алудың заманауи тәсілдері туралы ақпарат берілді. Балалардың дұрыс және теңгерімді тамақтануына, ағзаны қажетті дәрумендер мен микроэлементтермен қамтамасыз етуге, профилактикалық медициналық тексерулер мен зертханалық бақылаудан уақытылы өтудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Мамандар тапшылық жағдайларын ерте анықтау, дұрыс тамақтану, дәрігердің ұсынымдарын сақтау және педиатрдың тұрақты бақылауында болу баланың денсаулығын сақтаудың және асқынулардың алдын алудың негізгі шарттары екенін атап өтті.
Іс-шара соңында ата-аналар анемияның алдын алу бойынша практикалық ұсынымдар алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға мамандардан жан-жақты жауап алды

