Превентивті педиатрия мектебі – Әртүрлі жас топтарындағы балалардың тиімді тамақтануы

Превентивті педиатрия мектебі – Әртүрлі жас топтарындағы балалардың тиімді тамақтануы

Превентивті педиатрия мектебі аясында Д.М. Тусупова атындағы педиатрия кафедрасының меңгерушісі Ахметжанова Д.О. жетекшілік ететін кафедра қызметкерлері Тугелбаева А.М. және Койшыбаева Қ.Ж. пациенттер мен олардың ата-аналарына арналған «Әртүрлі жас топтарындағы балалардың тиімді тамақтануы» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дұрыс әрі теңгерімді тамақтанудың негізгі қағидаттары, өсіп келе жатқан ағзаның ақуыздарға, майларға, көмірсуларға, дәрумендер мен минералдық заттарға деген қажеттілігі қарастырылды. Сондай-ақ емшекпен қоректендірудің маңыздылығына, қосымша тағамды уақтылы енгізуге, дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыруға, дәрумендер мен минералдар тапшылығының, артық дене салмағы мен семіздіктің алдын алуға ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға күнделікті тамақтану рационын дұрыс құру, тамақтану режимін сақтау, құрамында қант, тұз және қаныққан майлар мөлшері жоғары тағамдарды шектеу, сондай-ақ көкөністердің, жемістердің, сүт өнімдерінің, тұтас дәнді өнімдердің үлесін арттыру және жеткілікті мөлшерде су тұтыну бойынша ұсынымдар берілді.

Семинар соңында ата-аналар балалардың үй жағдайында дұрыс тамақтануын ұйымдастыруға қатысты практикалық кеңестер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз