Балалар мен ата-аналарға арналған қант диабетінің превентивті мектебі аясында «Қант диабетін емдеудегі заманауи технологиялар» тақырыбында дәріс-әңгіме өткізілді.
Іс-шараны м.ғ.к., доцент Д.М. Тусупова атындағы педиатрия кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Ахметжанова Д.О., PhD Түгелбаева А.М. және м.ғ.к., доцент Д.М. Тусупова атындағы педиатрия кафедрасының ассистенттері Койшыбаева К.Ж. өткізді.
Дәріс-әңгіме барысында қатысушыларға балалардағы қант диабетін емдеуде қолданылатын заманауи технологиялар туралы ақпарат берілді. Ерекше назар глюкометрлерді, глюкозаны үздіксіз мониторингілеу жүйелерін және инсулиндік помпаларды қолдануға, олардың артықшылықтарына, мүмкіндіктеріне және ауруды тиімді бақылаудағы рөліне аударылды.
Мамандар заманауи құрылғылардың жұмыс істеу қағидаларын, оларды күнделікті өмірде дұрыс пайдалану ережелерін, гликемия көрсеткіштерін дұрыс бағалаудың ерекшеліктерін, сондай-ақ гипогликемияның, гипергликемияның және қант диабетінің кеш асқынуларының алдын алуда тұрақты өзін-өзі бақылаудың маңыздылығын жан-жақты түсіндірді

