Балалар мен ата-аналарға арналған қант диабетінің алдын алу мектебі

Балалар мен ата-аналарға арналған қант диабетінің алдын алу мектебі

«Балалардағы қант диабетінің ерте белгілері. Дәрігерге қашан қаралу қажет?» Балалар мен ата-аналарға арналған қант диабетінің алдын алу мектебі аясында Д.М. Тусупова атындағы педиатрия кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Ахметжанова Д.О., сондай-ақ кафедра қызметкерлері Түгелбаева А.М. және Қойшыбаева К.Ж. «Балалардағы қант диабетінің ерте белгілері. Дәрігерге қашан қаралу қажет?» тақырыбында семинар-дәріс өткізді.

Кездесу барысында балалардағы қант диабетінің алғашқы клиникалық белгілері, аурудың даму қауіп факторлары, ерте анықтау мен диагностикалаудың заманауи тәсілдері, сондай-ақ шұғыл түрде медициналық көмекке жүгінуді талап ететін белгілер қарастырылды. Ерекше назар диабеттік кетоацидоздың алдын алуға, алаңдататын белгілер пайда болған жағдайда ата-аналардың іс-әрекет алгоритміне және баланы балалар эндокринологына дер кезінде жолдаудың маңыздылығына аударылды.

Семинар ата-аналардың үлкен қызығушылығын туғызып, олардың балалардағы қант диабетінің ерте белгілері, дер кезінде диагноз қоюдың маңызы және аурудың ауыр асқынуларының алдын алу жөніндегі білімдерін арттыруға ықпал етті.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз