«Семей медицина университеті» КеАҚ ұйымдастырған кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында Жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушылары Қадирсизова Ш.Б. қауымдастырылған профессор м.а., философия докторы (PhD), Абишева Ж.Н., философия докторы (PhD), аға оқытушы, және Какимова З.А., оқытушы, №3 мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – мектеп оқушыларына жоғары оқу орнын дұрыс таңдаудың маңызын түсіндіру, медицина саласындағы білім беру мүмкіндіктерімен таныстыру және болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру болды. Іс-шара барысында оқушыларға «Семей медицина университеті» КеАҚ-тың білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, халықаралық ынтымақтастық бағыттары және студенттерге жасалған жағдайлар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, медицина мамандығының қоғамдағы орны, кәсіби жауапкершілік және денсаулық сақтау саласында қызмет етудің маңыздылығы атап өтілді. Оқушылар кездесуге қызығушылық танытып, университетке түсу, мамандық таңдау және студенттік өмірге қатысты сұрақтар қойды.

