Ғылыми жұмыс – дәрігерлер үшін: ең маңыздысы қарапайым тілмен

Ғылыми жұмыс – дәрігерлер үшін: ең маңыздысы қарапайым тілмен

2026 жылы 17 маусымда Д.М. Тусіпова атындағы педиатрия кафедрасының ассистенті, PhD Тугелбаева А.М. «Ғылыми жұмыс – дәрігерлер үшін: ең маңыздысы қарапайым тілмен» атты семинарға қатысып, практикалық денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізудің өзекті мәселелеріне арналған дәрістер оқыды.

Семинар барысында ғылыми қызметтің заманауи тәсілдері, ғылыми жарияланымдарды дайындау және зерттеу нәтижелерін клиникалық тәжірибеге енгізу бойынша практикалық ұсынымдар қарастырылды. Дәрістер қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, олардың ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін арттыруға ықпал етті.

Жарияланды:
Рубрикалар: Семинарлар