Семей медицина университеті КеАҚ кітапханасының қоры Қазақстанның көрнекті жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романының 70 данасымен толықты.
Кітаптарды университет кітапханасына Банк ЦентрКредит тарту етті. Бұл бастама студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның ұлттық әдеби мұраға қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын қолдауға бағытталған.
Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романы – қазақ әдебиетінің көрнекті тарихи туындыларының бірі. Енді аталған шығарманың бірнеше данасы университет кітапханасында оқырмандардың пайдалануына қолжетімді болады.
Семей медицина университеті КеАҚ ұжымы Банк ЦентрКредитке білім мен мәдениетті қолдауға бағытталған әлеуметтік бастамасы үшін алғыс білдіреді. Университет кітапханасының қорын толықтыру студенттердің сапалы білім алып, жан-жақты дамуына ықпал ететін маңызды қадам болып табылады.

