«Семей медицина университеті» КеАҚ ұйымдастырған кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушылары: қауымдастырылған профессор м.а., философия докторы (PhD) Қадирсизова Ш.Б., философия докторы (PhD), аға оқытушы Абишева Ж.Н., және оқытушы Какимова З.А. №39 мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында болашақ талапкерлерге университеттің білім беру бағдарламалары, мамандықтары, оқу мүмкіндіктері, халықаралық академиялық бағдарламалар, студенттік өмір және кәсіби даму перспективалары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, медицина саласындағы мамандықтардың қоғам үшін маңыздылығы, дәрігерлік қызметтің жауапкершілігі мен болашақ мамандарға қойылатын талаптар туралы айтылды. Оқушылар кездесу барысында белсенділік танытып, университетке түсу, оқу үдерісі және студенттік ортаға қатысты сұрақтарына жауап алды.

