Жазғы мектеп “Кардиологиядағы рационалды фармакотерапия”

Жазғы мектеп “Кардиологиядағы рационалды фармакотерапия”

29 маусым мен 3 шілде аралығында медицина ғылымдарының докторы, профессор М.Н. Мусин атындағы Фармакология кафедрасында «Кардиологиядағы рационалды фармакотерапия» атты Жазғы мектеп өткізілді.

Қарқынды оқу курсына «Медицина» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері қатысты. Жазғы мектеп бағдарламасы толықтай клиникалық фармакологияның өзекті мәселелеріне арналды. Бұл болашақ дәрігерлерге дәрілік заттар туралы теориялық білімдерін кардиологиялық бейіндегі нақты клиникалық жағдайлармен ұштастыруға мүмкіндік берді.

Оқытудың негізгі мақсаты – кардиологияда қолданылатын дәрілік заттарды жекелендірілген түрде таңдау және оларды ұтымды пайдалану дағдыларын қалыптастыру болды.

Бес күн бойы студенттер күрделі клиникалық жағдайларды және заманауи халықаралық клиникалық хаттамаларды талдады. Оқытушылар клиникалық фармакология құралдарына ерекше назар аударды: артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауруын, созылмалы жүрек жеткіліксіздігін, жүрек ырғағының бұзылыстарын емдеуде тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген дәрілік препараттарды таңдау, сондай-ақ дәрілік заттардың жағымсыз өзара әрекеттесулерін және жағымсыз дәрілік реакцияларды болжау мен анықтау мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Жазғы мектептегі оқу болашақ медицина мамандарына дәрілік заттарды ұтымды тағайындау қағидаттарын терең меңгеруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар студенттер дәрілік тағайындау парақтарын сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын жетілдіріп, бұл олардың интернатурадағы әрі қарайғы оқуына және болашақ практикалық қызметіне берік негіз болады.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі