«Семей медицина университеті» КеАҚ-да 2025–2027 жылдарға арналған университет қызметін жетілдіруге бағытталған 6 жоба алғаш рет бастамашылық негізде әзірленіп, іске асырылуда. Бұл жобалар ТМД елдері арасында алғаш рет жүзеге асырылып отыр.
Жобалар Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) ескере отырып әзірленген және медициналық білім беру мен ғылымға заманауи ғылыми тәсілдерді енгізуге бағытталған.
Басым жобалар қатарында:
«Университеттік госпитальда көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына пациенттердің қанағаттануын бағалау» – «Institutional Research» (Институционалдық зерттеулер) ғылыми бағытын дамыту аясындағы жоба.
««Семей медицина университеті» КеАҚ оқу процесіндегі бағалау жүйесін талдау. Бағаларды үлестіру қисығының (Bell Curve) рөлі».
««Семей медицина университеті» КеАҚ оқытушылары, қызметкерлері және студенттері арасындағы кәсіби күйзеліс (эмоционалдық қажу): бағалау және шешу жолдары» – «Institutional Research» (Институционалдық зерттеулер) бағытының «Human Resources Analytics» (Адами ресурстар аналитикасы) бөлімі аясындағы жоба.
«Инклюзия. Әртүрлілік және теңдік».
«Балалар өмірді құтқарады» («Семей медицина университеті» КеАҚ).
««Семей медицина университеті» КеАҚ құрылымдық бөлімшелеріндегі сауалнамаларды жүргізу әдістемесіне ғылыми қағидаттарды енгізу» – «Institutional Research» (Институционалдық зерттеулер) бағыты аясында және Research in Medical Education (Медициналық білім берудегі ғылыми зерттеулер) ғылыми бағытын дамыту, сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосу мақсатындағы жоба.
Әрбір жоба БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен байланысты. Олар сапалы білім беруді, денсаулық пен әл-ауқатты жақсартуды, гендерлік теңдікті, лайықты еңбек пен экономикалық өсуді, теңсіздікті азайтуды, инновациялар мен инфрақұрылымды дамытуды, бейбітшілік пен тиімді институттарды нығайтуды, сондай-ақ тұрақты даму үшін әріптестікті қолдауды қамтиды.
Institutional Research (Институционалдық зерттеулер) – әлемнің көптеген жетекші университеттерінде қолданылатын дербес ғылыми бағыт. Ол АҚШ-та және Еуропа елдерінің басым бөлігінде ұзақ жылдар бойы табысты дамып келеді. Қазақстанда бұл жобалар Institutional Research бағытын жеке ғылыми сала ретінде дамыту мақсатында алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Сонымен қатар, бұл – Орталық Азия мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы кеңістігіндегі осындай ауқымдағы алғашқы бастамалардың бірі.
Жобаларды іске асыру университет қызметінің барлық бағыттарына ғылыми негізделген тәсілдерді енгізуге, басқару шешімдерінің сапасын арттыруға, медициналық білім беру жүйесін жетілдіруге және университеттің халықаралық деңгейдегі ғылыми әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

