«Семей медицина университеті» КеАҚ симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасы балалар мен жасөспірімдерде алғашқы көмек көрсетудің базалық білімі мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға, қауіпсіздік мәдениетін дамытуға және айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға бағытталған «Балалар өмірді құтқарады» жобасын іске асыруды бастады.
2026 жылдың 21 шілдесінде «СМУ» КеАҚ стратегиялық даму жөніндегі проректоры А.У. Нуртазинаның жетекшілігімен жобаның жұмыс тобы мүшелері Абай облысының Білім беру департаментінің өкілдерімен алғашқы кездесуі өтті. Кездесу жобаны іске асырудың басталуындағы және оны одан әрі дамыту үшін қажетті ведомствоаралық серіктестікті қалыптастырудағы маңызды кезең болды.
Кездесу барысында қатысушылар бірлескен жұмыстың алдағы жоспарын, жобаны іске асырудың негізгі кезеңдерін, өзара іс-қимыл бағыттарын, сондай-ақ ынтымақтастық туралы меморандум дайындау мәселелерін талқылады. Симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы жобаның тұжырымдамасына, мақсаттары мен негізгі бағыттарына арналған презентациясын ұсынды.
«Балалар өмірді құтқарады» жобасы тұрақты даму қағидаттарына сәйкес іске асырылып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына – ТДМ 3, 4, 9, 10, 11, 16 және 17-ге қол жеткізуге бағытталған.
«СМУ» КеАҚ атынан симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасы Абай облысының Білім беру департаментімен ынтымақтастық медициналық сараптаманы, білім беру ресурстары мен ұйымдастырушылық мүмкіндіктерін біріктіруге негіз қалайды. Ынтымақтастық туралы меморандумды дайындау өзара іс-қимылды рәсімдеудегі және бірлескен жұмысты одан әрі дамытудағы маңызды қадам болады.
Алғашқы кездесу медициналық университет пен облыстың білім беру жүйесі арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту және бірыңғай іс-қимыл жоспарын қалыптастырудың бастауына айналды. Алда нақты іс-шараларды әзірлеу, жобаны іске асыру кезеңдерін айқындау және серіктестік өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту міндеттері тұр.
«СМУ» КеАҚ-ның симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасы бастамашылық еткен «Балалар өмірді құтқарады» жобасы қауіпсіз қоғамды дамытуға, білім беру сапасын арттыруға, ведомствоаралық серіктестікті нығайтуға және Тұрақты даму мақсаттарына қолжеткізуге қосылған маңызды үлес болып табылады. Жобаның негізгі идеясы – бүгін бала алған білімінің бір күні адам өмірін құтқаруда шешуші рөл атқаруы мүмкін екендігінде.

