ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына сәйкес Семей медицина университеті КеАҚ-да жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша PhD докторантурасына қабылдау басталды.
Алдын ала іріктеу кезеңінде үміткерлерден 77 өтініш келіп түсті. Әртүрлі себептерге байланысты (оқуға түсуден бас тарту, емтиханға жіберілмеу және т.б.) 22 кандидат талапкерлер қатарынан шығарылды.
2026 жылғы 10 тамызда түсу емтихандарының бірінші кезеңі – эссе жазу өткізілді. Емтиханға 55 адам қатысты, оның ішінде: 8D10102 «Медицина» мамандығы бойынша – 25 адам; 8D10101 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша – 27 адам; 8D10103 «Мейіргер ісі ғылымы» мамандығы бойынша – 3 адам.
Емтиханды өткізу үшін Басқарма төрағасы – Ректор А.А.Дюсуповтың 2026 жылғы 18 маусымдағы № 394 бұйрығымен емтихан комиссиясы құрылды:
Комиссия төрағасы — Жорокпаева Мейрамгул Досановна, п.ғ.к., жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі.
Комиссия мүшелері: Кадирсизова Шынар Болатбековна, PhD, жалпы білім беру пәндері кафедрасының қауымдастырылған профессорының м.а.; Алина Гульшат Муратовна, ф.ғ.к., жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы; Нургазина Мерике Сартаевна, ә.ғ.м., жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы; Кусаинова Жанат Социаловна, г.ғ.м., жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы;
Емтихан комиссиясының хатшысы — Абешова Нургуль Муратбековна, филология және шетел филологиясы магистрі, жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы.
Докторантураға түсу емтихандарын өткізу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «СМУ» КеАҚ тарапынан тәуелсіз бақылаушылар ретінде: Ережепбаева Мадина Маратовна — құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің м.а. бастығы; Қанатұлы Мирас — медициналық білім беру сапасын бақылау бөлімінің бастығы қатысты.
Емтиханның бірінші кезеңінің нәтижелері төмендегі кестеде ұсынылған.

