2026 докторантураға түсу емтиханының екінші кезеңінің нәтижелері

2026 докторантураға түсу емтиханының екінші кезеңінің нәтижелері

2026 жылғы 11 тамызда «Семей медицина университеті» КеАҚ-да «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медицина» және «Мейіргер ісі ғылымы» мамандықтары бойынша PhD докторантурасына түсу емтиханының екінші кезеңі – бейін бағыты бойынша емтихан өткізілді.

Түсу емтиханының 2-кезеңін өткізу бойынша Басқарма төрағасы – Ректор    А.А. Дюсуповтың 2026 жылғы 18 маусымдағы № 394 бұйрығына сәйкес емтихан комиссиясы төмендегідей құрамда жұмыс істеді:

Комиссия төрағасы: Байбусинова Асель Жанартасовна – PhD, қауымдастырылған профессор, эпидемиология және биостатистика кафедрасының меңгерушісі.

Комиссия мүшелері: Ибраева Жанара Бейсенгалиевна – PhD, эпидемиология және биостатистика кафедрасының аға оқытушысы; Мукашева Гулбаршын Дарынқызы – PhD, эпидемиология және биостатистика кафедрасының оқытушысы; Тукинова Асель Ришатовна – PhD, эпидемиология және биостатистика кафедрасының оқытушысы; Кайратова Гульназ Кайратовна – PhD, қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының оқытушысы; Шагиева Динара Шерияздановна – м.ғ.к., мейіргер ісі кафедрасының  ассистенті; Орехов Андрей Юрьевич  – PhD, терапия кафедрасының ассистенті.

Емтихан комиссиясының хатшысы: Досбаева Алтынай Мурабеккызы – мейіргер ісі кафедрасының ассистенті.

PhD докторантураға түсу емтихандарын өткізу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін тәуелсіз бақылаушылар құрамына: Ережепбаева Мадина Маратқызы– құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығының м.а.; Қанатұлы Мирас – медициналық білім сапасын бақылау бөлімінің басшысы енгізілді.

Емтихан штаттық режимде өтті. Комиссия тарапынан ескертулер түскен жоқ. Емтиханның екінші кезеңінің нәтижесі төменде ұсынылған.

Тіркелген құжаттар